
«Ақсу-Талды» «Согорное-Барлық» автожолының учаскесінде қалыптасқан ауыр ылғалды қар түсірілді.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары қар көшкінін мәжбүрлеп түсіру үшін тау бөктерін пысықтады. Нәтижесінде 8550 текше метр қар түсірілді», - деп атап өтті «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы басшысы Советбек Станбеков.
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі сақталуда. Қар көшкіні қаупінің жоғары болуына байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды.
ШҚО ТЖД құтқарушылары қар көшкіні қаупі кезінде азаматтар мен туристерден тәуекелге бармауды және тауға шықпауды сұрайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласын.