
1 сәуірде Өскемен қаласы, Шығыс кентіндегі жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты, атап айтқанда, уақтылы тазаланбаған мұржа үй иесінің 2007 және 2008 жылы туған балалары көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелеріне мұқият болуды сұрайды.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.