
Өскеменде ірі өнеркәсіптік объектінің басшы құрамын азаматтық қорғау саласында оқыту өтті. Тыңдаушылар ҚР Азаматтық қорғау саласындағы заңнамасымен, Шығыс Қазақстан мен жалпы елге тән төтенше жағдайлармен танысты.
Жер сілкінісі, өрт, химиялық қауіпті объектідегі авариялар кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері мен қауіпсіздік шараларына және ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.
«Біз іс жүзінде кәсіпорын қызметкерлерімен өрт және сейсмикалық жаттығулар жасадық, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды үйреттік, арнайы манекенде медициналық дайындық бойынша алған білімдерімізді бекіттік. Тыңдаушы өз дағдыларын көрсеткен кезде – біз оның материалды қаншалықты сауатты меңгергені туралы толық түсінікке ие боламыз», - деді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Алмас Байжуминов.
Тыңдаушыларға өткен оқу туралы сертификаттар табысталды.