
Шығыс Қазақстанда көктемнің басталуымен биік таулы аймақтарда аса қауіпті. "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының, ШҚО ТЖД құтқарушылар бөлімшесінің мамандары мамандандырылған ұйымның қатысуымен облыстық маңызы бар "Өскемен-Самар" автомобиль жолының 95-102 км учаскесінде қар көшкінің профилактикалық түсіруді ұйымдастырды.
Қауіпті аймақта елді мекендер мен демалыс аймақтарын байланыстыратын 90 километр адамдар жиі журетін автомобиль жолдары бар. Сондықтан да нақты осы аймақтар қазір қар массасынан тазартылуда.
Өңірде барлығы 325 қар көшкіні шоғырлары халыққа нақты қауіп төндіреді.
"Наурыз айында тауларда қар еріп, ауыр және қозғалмалы болған кезде әсіресе қауіпті. Жүргізілген жарылыс жұмыстары 40000 текше метр қар түсіруге мүмкіндік берді", - деп атап өтті "Қазселденқорғау"ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
Сонымен қатар, бұл аймақта әлі де қар көшкіні қаупі бар. Құтқарушылар мен "Қазселденқорғау" мамандары азаматтардан таулы жерлерде демалуға бармауды және ауыстыруды сұрайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.