2024 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ақпарат

2024 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ақпарат

Үлкен Нарын ауданында, Үлкен Нарын ауылында, Рыков және Астана көшелерінде қардың көп еруі және еріген сулардың жиналуы нәтижесінде жеке тұрғын үй мен жеке тұрғын үйлердің 11 аула аумағы су астында қалды.

Алтынбел ауылында қардың қарқынды еруі нәтижесінде тереңдігі 10 см жеке тұрғын үйлердің 10 аула аумағын еріген су басқан.

          ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен халықты аулада аралау, суды бұру, топырақ төгу және қапшықтарды төсеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша жұмысты күшейтті.

447 арық, 72 арна мен 447 көпір қар мен қоқыстан тазартылды. 368 мың текше метрден астам қар шығарылды.

     ШҚО ТЖД қызметкерлері халықты су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында 158 елді мекенде 290-тен астам рейд жүргізді.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға Семей қаласынан көмекке келген ҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды. Олар Алтай ауданында алдын алу шараларын жүргізеді.

          2024 жылдың 30 наурызы мен 02 сәуірі аралығында облыс аумағында жауын-шашынның түсуіне және ауа температурасының жоғарылауына байланысты дауылды ескерту қолданылады, осыған байланысты су деңгейінің көтерілуі және  ағындардың қалыптасуы мүмкін.

Халыққа арықтар мен ағындарды тазарту, үй аумағын үйіп тастау үшін қолда бар материалдың болуы ұсынылады.