2024 жылғы 28 наурызға дейінгі жағдай бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ақпарат

2024 жылғы 28 наурызға дейінгі жағдай бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ақпарат

Шығыс Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша жұмысты күшейтті. 446 арық, 72 арна мен 447 көпір қар мен қоқыстан тазартылды. 368 мың текше метрден астам қар шығарылды.

ШҚО ТЖД қызметкерлері халықты су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында 158  елді мекенде 290-тен астам рейд жүргізді, бұл ретте 20 000-нан астам халық қамтылды.

Жергілікті атқарушы органдар азаматтарды уақытша орналастыру үшін  жалпы сыйымдылығы 17 мың адамнан асатын 153 пункті белгіледі.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға Семей қаласынан көмекке келген ҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды. Олар Алтай ауданында алдын алу шараларын жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, облыста дауылдың алдын алу, ауа температурасының жоғарылауы, соған байланысты қардың қарқынды еруі, су деңгейінің көтерілуі және еріген су және беткейлік ағындардың қалыптасуы