Өрт сөндірушілер пәтерді шарпыған өртті сөндірді

Өрт сөндірушілер пәтерді шарпыған өртті сөндірді

27 наурызда Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка ауылы, Шаламов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт болды. Өрт сөндірушілер келген кезде жиһаздар мен жеке заттар жанып жатқан. Өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Өрт салдарынан 1975 жылы туған үй иесінің ұлы күйік алып, ауруханаға жатқызылды.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде отқа абайсыз қарау.

Өртті сөндіруге ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен 7 адам мен 2 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 1 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- отпен абай болыңыз

- төсекте темекі шегуге жол бермеңіз.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлаңыздар.