Құтқарушылар тұрғындарға көмекке келді

Құтқарушылар тұрғындарға көмекке келді

Күршім ауданында Топтерек ауылынан 4 шақырымда қардың қарқынды еруі салдарынан көпірдің бетон құрылымдарын шайып кеткен. ШҚО ТЖД құтқарушыларының күшімен тұрғындарға өткел ұйымдастырылды. Бүгінгі күні барлығы жергілікті тұрғындардан 22 адам өткізіліп, азық-түлік жеткізілді. Жергілікті атқарушы органдардан 15 адам мен 2 бірлік техника айналма жол төсеу  бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.