
Бұқтырма өзеніндегі кептелістің алдын алу мақсатында Катонқарағай ауданы Барлық ауылында жарылыс жұмыстары жүргізілді.
"Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, қауіпсіздікті қамтамасыз еткен құтқарушылар және мамандандырылған ұйым жүргізді. Біздің міндетіміз – кептелістерді болдырмау және су деңгейінің күрт көтерілуінің алдын алу. Мұзды ұсақтау жұмыстары мұзды босатуға және көктемгі су тасқынын қауіпсіз етуге көмектеседі. Жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 7800 текше метр",- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.