
26 наурызда Гризодубова көшесінде қардың қарқынды еруі салдарынан жеке тұрғын үйдің іргелес аумағына еріген су жиналып қалды. ТЖД күштерімен (жеке құрамнан 4 адам, 1 бірлік техника және 1 мотопомпа) және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері (4 қызметкер және 2 бірлік техника) суды шығарды.
Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды. 110 текше метр еріген су сорып шығарылды.