
Глубокое кентінің Калинин көшесінде жеке тұрғын үйде өрт орын алды. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың ағаш конструкциялары, арақабырғалар жиһаз, жеке заттар өртеніп жатты. Өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 40 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіріп, 3 газ баллонын алып шықты.
Өрттің алдын-ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарының бұзушылығы.
ШҚО ТЖД азаматтардан тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Электр сымдары мен пештің жағдайына ерекше назар аударыңыз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі