Балалар қауіпсіздікте болуы қажет

Балалар қауіпсіздікте болуы қажет

ШҚО құтқарушылары қараусыз қалған балалар әрдайым төтенше жағдайларға тап болады деп дабыл қағуда. 2024 жылдың басынан бастап ШҚО ТЖД құтқарушылары төтенше жағдайға тап болған 18 балаға көмекке келді. Балалар, әдетте, есіктері құлыптанып  қалған үйлерде жалғыз қалып қалады, конструкцияларда кептеліп қалады, өрт сөндірушілер оларды түтін алған пәтерлер мен үйлерден эвакуациялады. Ал бірнеше күн бұрын  олар бөлінген мұзда жалғыз қалған балаға көмекке келді.

Құтқару жұмыстары өте жиі кездеседі. Балалар ата-аналар оларды кем дегенде бір минутқа қараусыз қалдыру қаншалықты қауіпті екенін бағаламайтындығынан төтенше жағдайларға тап болады.

"Кішкентай бабалардың  терезеден құлап кету жағдайларыда аз емес. Өткен жылы үлкендердің қарауынсыз қалған балаларға қатысты   осындай 8жазатайым оқиға орын алды", - деді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.

ШҚО ТЖД құтқарушылары ата-аналардан жауапты болуды және балаларды тіпті қысқа мерзімге  үйде қараусыз қалдырмауды сұрайды,.

      Бөлмеде бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз.

     Терезелерге арнайы қорғаныс механизмдерін орнатыңыз. Балалардың су қоймаларында және мұзда ойнауына жол бермеңіз. Тұрақты негізде ата-аналарға балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру қажет.

Төтенше жағдай кезінде  дереу 112 нөміріне хабарласу керек.