
24 наурызда түнгі сағат үштер шамасында Шемонаиха ауданы, Шаңырақ көшесінде тұрғын үйдің ауласында монша мен шаруашылық ғимараты өртенді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 80 ш.м. ауданда өртті сөндірді. Өртті сөндіруге барлығы 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі пешті орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болды.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі мәселесіне мұқият болуды сұрайды.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз.