
"Абайлаңыз! Жұқа мұз". ШҚО ТЖД қызметкерлері азаматтарға осындай ескерту жасады.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының айтуынша, орташа тәуліктік температура нөлден жоғары деңгейге жетіп, мұз үлкен жылдамдықпен еріп жатыр.
Жыл сайын балықшылар мен балалардың жазатайым оқиғаларға ұшырау қаупі бар адамдарға айналады.
ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік рейдтерін жандандырды, олар азаматтарға балық аулау үшін өз өмірлеріне қауіп төндірмеу керектігін түсіндіреді.Барлығы 650 алдын алу рейді өткізіліп, 4200 азамат қамтылды.
Ата-аналар қауіпсіздік шараларын бұзбауы және су қоймаларында ойнамауы үшін балалармен әңгімелесуі тиіс.
Құтқарушылар ескертеді: күннің жылынуына байланысты су айдындарындағы мұздың қалыңдығы тез төмендейді, қазіргі уақытта мұзға шығу өмірге қауіп төндіреді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.