
Жергілікті атқарушы органдар бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша жұмысты күшейтті.
Ұзындығы 338,4 км 384 арық, ұзындығы 117 км 66 канал, автомобиль жолдарында 1597 су өткізу құрылыстары және теміржол жолдарында 88 су өткізу құрылыстары, сондай-ақ 269 көпір тазартылды. 354 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Үлбі өзені арнасының бойында орналасқан тұрғын үйлерге су тасқыны қаупінің туындауын болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың күшімен өзен жағасын тас топырақпен толтыру жолымен жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Риддер қаласында арықтарды қар мен мұздан тазарту жұмыстары жалғасуда.