Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Су басуды болдырмау үшін тұрғындар өз үйінің учаскесінің айналасындағы арық жүйеларін қардан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізуге кеңес береміз. Қыстың аяқталуына аз уақыт қалды, көктемгі кезеңді қауіпсіз өткізу және оған байланысты су тасқынына дайындықты қалай жүргізу керектігін туралы  Ұлан ауданының ТЖ бөлімі ақпарат береді. Су тасқыны-бұл өзендегі, көлдегі су деңгейінің қар еру кезеңінде, нөсер кезінде, мұздың кептелісінде және т.б. жағдайлардың нәтижесінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан жергілікті жерлерді судың басуын айтады. Су тасқыны -үйлерге, ғимараттарға, көпірлерге үлкен зиян келтіретін жойқын күштерді тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, теміржол және автомобиль жолдарының шайылып кетуі, инженерлік желілердегі апат, егіннің жойылуы, халықтың және жануарлардың өліміне әкеледі. Бірнеше жылдан бері ТЖМ-ң құтқарушылары қазақстандықтарға су тасқыны қаупі төнген жағдайдағы іс-әрекеттер туралы  ұсыныс хаттар таратып келеді. Сонымен, қауіп төнген кезде сізге қажет:

- төтенше жағдай туралы ақпаратты және іс-қимыл тәртібі туралы нұсқауларды мұқият тыңдау;

- сабыр сақтаңыз, көршілерге ескерту жасаңыз, мүгедектерге, балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Жергілікті атқарушы органдардан тұрғындарды эвакуациялау үшін жинау орнын біліп, оған дайындалыңыз;

- құжаттарды, киімдерді, қажетті заттарды, бірнеше күн бойы азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын чемоданға салыңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакетте сақтаңыз;

- электр тоғынан барлық электрлік қондырғыларды, құрылғыларды электр желісінен ажыратыңыз, газды өшіріңіз;

- бағалы заттар мен азық-түлікті жоғарғы қабаттарға ауыстырыңыз немесе жоғарғы сөрелерге көтеріңіз;

- мүмкіндігінше өз тұрғын үйіңіздің учаскесінің айналасындағы арық жүйеларін  қардан және т.б. заттардан  тазарту қажет.

- малды биік жерлерге айдау, иттерді байлаудан босату керек.

Су тасу оқиғасы болған жағдайдан кейін қиылған және салбыраған электр сымдарынан, зақымдалған газ желілерінен сақ болу керек. Үйге кірер алдында, үйдің құрылысы судың әсерінен бұзылып қалмағанына көз жеткізу керек. Тасқын судан табылған тамақ өнімдерін, тасқын суды қолдануға болмайды. Су тасқыны жағдайына тап болсаңыз, ашуға бой алдырмай, сабыр сақтаңыз және құтқару телефонын 112 нөмерін  есте сақтаңыз.