Өрт сөндірушілер гараж боксындағы өртті жойды

Өрт сөндірушілер гараж боксындағы өртті жойды

Алтай қаласында қосалқы шаруашылық аумағында гараж боксында өрт болды. Өрт сөндірушілер келген кезде трактордың, "Урал" автокөлігінің бөлшектері, сондай-ақ бокстың төбесі жанып кетті.
Өрт сөндіруге жеке құрамның 9 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 19 ш. м. алаңда тоқтатылды.
Өрттің шығуының болжамды себебі – қауіптілігі жоғары агрегатты абайсызда ұстау.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден объектілердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Объектіде бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеу қажет.