Дүкендегі өртті Шемонаиха өрт сөндірушілері сөндірді

Дүкендегі өртті Шемонаиха өрт сөндірушілері сөндірді

19 наурызда Шемонаиха қаласында 2-ші Лермонтов көшесіндегі жеке тұрған бір қабатты азық-түлік дүкенінде өрт болды. Келген өрт сөндіру бөлімшелері шамамен 4 шаршы метр аумақтағы тоңазытқыштағы өртті сөндірді және өрттің сауда нүктесінің барлық аумағына таралуына жол бермеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 адамы мен 2 техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Бұзушылықтарды дер кезінде жою қажет.