Алтай ауданында өрт сөндірушілер цехта жануды жойды

Алтай ауданында өрт сөндірушілер цехта жануды жойды

Алтай қаласында тау-кен байыту кешенінің  бөлек тұрған 2 қабатты цех аумағында концентраттарды қоюлау және сүзу учаскесінде  шатырдың жануы орын алды.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келді, олар отпен күреске кірді. Сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт жойылды, өрттің аумағы 260 шаршы метрді құрады.