
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық аясында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығының» «Жас құтқарушы» орталығының мұғалімдері қала мектептерінің жас құтқарушылары арасында жарыс ұйымдастырды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде авариялық-құтқару жұмыстары бойынша және төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша сабақтарды өткен оқушылар тапсырманы оңай орындады. Олар өрт эстафетасын еңсеріп, шартты түрде зардап шеккен адамды құтқарып, алдымен оны шартты қауіпті аймақтан алып шығып, содан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетті, осы білімдерін «Апаттар медицинасы» орталығындағы кәсіби дәрігерлер бағалап отырды.
Қорытындыны шығару кезінде құтқару қазылар алқасы кезеңдердің дұрыстығын және балалардың төтенше жағдайлардың алдын алу және қиындықтарды жеңу саласындағы білімдерін ескерді.
Қорытынды бойынша бірінші орынды №4, №29 - мектеп оқушылары, екінші орынды №10, №16 мектеп командалары, үшінші орынды №22 мектептің оқушылары иеленді.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
«Өскелең ұрпақ үшін аман қалу сабақтары мен жарыстар қашанда өзекті» - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары.