
13 наурызда Өскемен қаласында қардың қарқынды еруі және Аблакетка өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 20 саяжай учаскесінің аула аумақтары су астында қалды. Қазіргі уақытта саяжайларда ешкім тұрмайды, үйлер тек жазда қолданылады.
Жергілікті атқарушы органдардың күшімен көпірдің астындағы өзендегі суды жіберу үшін мұзды ұсақтау жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде су деңгейі 15-20 см төмендеді.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен ШҚО ТЖД қызметкерлері жағдайға мониторинг жүргізуде.