
Көктем-қар көшкінінің ең қауіпті уақыты. Жауын – шашынның көп болуы және ауа-райының құбылмалы болуы қар көшкінінің өздігінен түсу мүмкіндігіне әсер ететін факторлар болып табылады.
Облыста ауа температурасының жоғарылауы таулардың беткейлерінде қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына әкелді. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Қазселденқорғау ШҚ филиалының мамандары "Өскемен-Алтай" автожолының учаскесінде профилактикалық түсірулер жүргізді. Бес учаскеде түскен массаның көлемі 11000 текше метр қарды құрайды. Қар көшкіндері жолды толығымен жауып тастады. Автожол автокөлік қозғалысы үшін жабылды, қар тазалау жұмыстары жүргізілді және 15 сағат 30 минутта жол жүру қамтамасыз етілді.
Естеріңізге сала кетейік, облыста автожолдар мен елді мекендерге қауіп төндіретін 325 қао көшкіні қаупі бар учаске бар.
"Қар көшкіні шоғырларында қар көп жиналды. Біз қауіпті сейілттік, бірақ таулы аймақтарда қар көшкінң қаупі сақталады. Облыста дауылды ескерту жарияланды, осыған байланысты біз халыққа тауға және алыс жолға шықпауға кеңес береміз", - деп атап өтті "Қазселденқорғау"ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.