Семей қаласының әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда

Семей қаласының әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда

Шығыс Қазақстан облысына Алтай ауданында және Күршім ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға мониторинг жүргізу және жәрдем көрсету үшін Семей қаласының 68303 ә/б әскери қызметшілері жіберілді. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер жергілікті атқарушы органдарға арықтар мен каналдарды тазартуға көмектесіп жатыр. Бүгінгі таңда Алтай ауданында 4 су өткізу құбыры мен 60 м арық және Күршім ауданында 250 метр арық тазартылды.