Өскемендегі өрт сөндірушілер автокөліктің жануын жойды

Өскемендегі өрт сөндірушілер автокөліктің жануын жойды

11 наурызда Өскемен қаласында Серікбаев көшесінде "Вольксваген Пассат" маркалы автомобильдің мотор бөлігінің бөлшектері жанып кетті. Келген өрт сөндірушілер 1 ш. м. алаңдағы отты тоқтатты.

ШҚО ТЖД естеріңізге салады:

Автокөліктің өртенуі жағдайында дүрбелеңге түспей және белгілі бір алгоритмге сүйене отырып, тез және нақты әрекет ету керек:

1.Егер өрт қозғалыс кезінде орын алса, жол жиегіне жақын тоқтау керек.

2.Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қойыңыз.

3.Барлық жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарды алып, өрт туралы 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлаңыз.

Гаражда немесе басқа жабық үй-жайда жану орын алған жағдайда,  скөлікті сыртқа шығаруға тырысу керек.

«Бірінші кезекте автокөліктің өрт қауіпсіздігі оның иесінің қырағылығы мен жауапкершілігіне және пайдалану ережелері мен нормаларын сақтауына байланысты. Сонымен қатар, автомобиль үшін өрт сөндіргіштің болуы маңызды. Ең тиімді өрт сөндіргіштерге ұнтақ жатады. Олар әртүрлі жанғыш заттарды, сондай-ақ кернеудегі электр жабдықтарын сөндіруге мүмкіндік беретін арнайы құраммен толтырылады. Жеңіл және жүк машиналары үшін көлемі 2 литрге дейінгі модельдер қолайлы,  автобустар   көлемі 1-ден 5 литрге дейінгі 2 өрт сөндіргішпен жабдықталады. Оларды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алу керек, бұған дейін өрт қауіпсіздігі сертификаттары мен жарамдылық мерзімі жазылуы керек төлқұжатты тексеріп алыңыз.

Өрт сөндіргішті салонға, көлік иесіне жақын жерде орналастырған дұрыс. Оны жүксалғышта қалдыру ұсынылмайды, өйткені төтенше жағдай кезінде оған қол жеткізу қиын болуы мүмкін»,- деп ШҚО ТЖД атап өтті.