
8 наурыз күні Ұлан ауданы,Мамай Батыр ауылында жеке тұрғын үйде тіршілік белгілері жоқ 1950 ж.т әйел адам табылды және оның 1973 ж.т ұлы көміртегі тотығымен уланды деген диагнозбен 1-ші қалалық ауруханаға жеткізілді.Көміртегі тотығымен улануға себеп -жылыту пешінің мұжасының күлден,ыстан тазартылмауы екені анықталды.
Екінші оқиға Шемонаиха ауданында 10 наурызда болды. Камышенка ауылында улы газбен уланудан 1965 жылы туылған әйел мен 1989 жылы туылған ұлы қайтыс болды. 1986 жылы туған қожайынның тағы бір ұлы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның себебі - пештің түтіні.
ШҚО ТЖД пеш жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы азаматтарға жүгінеді:
-пештердің мұржаларын және құдықтарын күлден,ыстан үш айда бір рет тазарту қажет.
- ұйқыдан бірнеше сағат бұрын пешті жағуды аяқтауға тырысыңыз
-мұржаның жапқышын жаппаңыз,үйдің ішіндегі адамдардың көміртегі тотығымен уланудан сақтайды.
- пештерде отынды, киімді және басқа да жанғыш материалдар мен заттарды кептірмеңіз немесе қоймаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.