
Шығыс Қазақстанда температуралық фонның жоғарылауы байқалады, қардың қарқынды еруі басталды. Облыстың азаматтық қорғау қызметтері жоғары әзірлікке келтірілді. Өңірге Семей қаласындағы ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінен қосымша 50 адамнан тұратын әскерилер келді. Олар жағдайды мониторингілеу және су тасқыны орын алған жағдайда шұғыл ден қою үшін Алтай және Күршім аудандарына бөлінеді, онда бүгінгі күні ең көп қар қоры тіркелген: Алтай ауданында қар жамылғысының биіктігі 126 см, таулы аудандарда 138 см. Күршім ауданында – 100 см.
Бүгінгі таңда өңірде жағдай тұрақты.
Су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тұрғындарымен 188 рейд жүргізілді.
ШҚО ТЖД тұрғындарға қазіргі таңнан бастап көктемгі кезеңге дайындалуды ұсынады:
- аула аумағын қардан, арықтар мен каналдарды мұздан тазарту-бұл еріген судың ағуын қамтамасыз етеді;
- мүмкіндігінше үйінді жасау үшін қаптар және инертті материалдардың болуы.