Жалын бағыты

Жалын бағыты

Диспетчер өртті сөндіруде және өмірді сақтауда маңызды рөл атқаратынын аз адамдар біледі. Өрт сөндіру бөлімінің диспетчерлік бөлімінде күн сайын бірнеше жүз қоңырау өңделеді. Мұнда қаланың түкпір-түкпірінен өрт, ЖКО және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпарат келіп түседі. Маңыздылығы басым   көрінбейтін жұмыс жүргізеді.  

Азаматтық қорғау кіші сержанты  Шынар Нұрсейітова, Өскемен қ. №3 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы болып жұмыс істейді. 2007 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді. Өз міндеттерінен басқа, Шынар халық арасында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша акцияларға және профилактикалық қызметке белсене  қатысады. Жеке құраммен тәрбиелік сипаттағы дөңгелек үстелдер, дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырады, өткізеді.  2023 жылдың қараша айында Ключевая көшесіндегі жеке меншік үйде өрт туындады, шатырдың, қабырғалардың, едендердің ағаш құрылымдары  өртенді. Өрт 50 шаршы метр аумақта жедел түрде жойылды, радиотелефоншы  Ш.Нұрсейітова мен өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде тежелді, және оның көрші үйлерге таралуына жол берілмеді.

Диспетчердің жұмысында ақпаратты дұрыс жинау маңызды – не және қайда жанып жатыр, адамдарға қауіп төніп тұр ма, жіберілетін техника мен өрт сөндірушілердің саны туралы шешім қабылдау керек. Әр секунд жол. Шағын аудандардың, көшелердің, үйлердің, ірі өндірістік нысандардың орналасуы-бәрі олардың  санасында сайрап тұрады