Ұлан ауданында тазаланбаған түтін мұржасы қожайынның ауруханаға түсуіне себепкер болды

Ұлан ауданында тазаланбаған түтін мұржасы қожайынның ауруханаға түсуіне себепкер болды

Бозанбай ауылының тұрғыны түтін мұржасы тазартылмаған пешке от жағып, салдарынан оған иіс тиген және 1993 жылы туған үй иесі улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

ШҚО ТЖД еске салады:
- бірінші кезекте тазартылмаған түтін мұржасындағы қауіп күйенің тұтануы және өрттің туындауы, сондай-ақ улы газбен улануда.
- мұржа қабырғаларында күйе көп жиналған кезде пештің немесе каминнің жұмыс тиімділігі төмендейді. Сондықтан түтінді үнемі тазалау өте маңызды.
- Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.