
Шығыс Қазақстан облысында профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет өзендерде 19 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды: Алтай ауданында Бұқтырма өзенінде, Күршім ауданында Күршім өзенінде, Шемонаиха ауданында Уба өзенінде, Глубокое ауданында және Риддер қаласында. Бұл гидрологиялық жағдайларға сәйкес кептеліс құбылыстарының пайда болу қаупі болжанатын орындар.
Шемонаиха ауданынан жұмыс басталды, онда мамандар 3 учаскеде мұз кептелісінің алдын алуды жоспарлап отыр.
Бүгін Верх-Уба кентінің ауданындағы Уба өзенінде 10700 шаршы метр аумақтағы мұз бөлінді.
Төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.