ЖКО ұшыраған жүргізушіге «Жарма» ТМҚП медицина қызметкерлері көмекке келді

ЖКО ұшыраған жүргізушіге «Жарма» ТМҚП медицина қызметкерлері көмекке келді

05.03.2024ж. күні түнгі сағат 01 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 895 шақырымында ер адам Volvo жук көлігің рулін басқара алмай, көлігің жол жиегіне аударылуға жол берген. Жол-көлік оқиға салдарынан жүргізуші жарақат алған. Оқиға орнына  ТМҚП «Жарма» жедел бригадасы келіп алғашқы қажетті медициналық көмек көрсетті. Түрлі дене жарақаттарын алған жүк көлігінің жүргізушісі Жарма аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.