Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Облыс бойынша қар жамылғысының ауданы 100 % құрайды. 

Жергілікті атқарушы органдар ұзындығы 181 шақырым  170 канал мен арықтарды, 783 су өткізу құрылыстарын, 174 көпір тазартылып, 168,6 мың текше метр қар шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап облыс әкімінің өкіміне сәйкес жоғары дайындық режимі жарияланған.  

Жағдай қиындаған жағдайда құрамында 2334 адам, 735 бірлік техника, сондай-ақ 50 бірлік жүзу құралдары мен 223 мотопомпа бар  жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күштері мен құралдары тобы қалыптастырылған.

Су тасқыны салдарын жою және халықты эвакуациялау үшін ШҚО ТЖД-да 26 бірлік жол талғамайтын техника бар.

Облыс бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері  жалпы сыйымдылығы 17 мыңнан асатын халықты уақытша орналастырудың 153 пунктін белгіледі.