
Өскемен қаласындағы Бажов көшесінде куәгерлер бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан қалың түтінді байқады. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер үш иінді сатымен көтеріліп, газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрып, қою қара түтін шыққан пәтерге кірді. Барлау жүргізген кезде олар мынаны анықтады:
пәтерде зал үй-жайында жеке заттар, тұрмыстық техника, ағаш еден конструкциялары, терезе есіктері өртенген.
Жатын бөлмеде пәтер жалдаушы, жану өнімдерімен уланған белгілері бар және денесін күйік шалған, 1986 жылы туған тұрғын табылды, оны қарап тексерген дәрігерлер жедел жәрдем бригадасы қайтыс болғанын анықтады.
Өрт 13 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Өрттің алдын-ала себебі-өртті абайсыз пайдалану.
ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
Төсекте темекі шекпеңіз
Ашық отпен абай болыңыз
Қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдыруға болмайды
Электр сымдарының жарамдылығын бақылау, электр желісін шамадан тыс жүктемеу
Үйде жасалған электр аспаптары мен"жучоктарды" қолдануға жол бермеу
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз