Өскемендік өрт сөндіруші 7 рет әке атанды

Өскемендік өрт сөндіруші 7 рет әке атанды

Қаладағы #4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бөлекбаев Айдардың отбасы толығып, 7 рет әке атанды. 6 ұлдан кейін көптен күткен Асылжан дүниеге келді.
Айдар өрт сөндіру қызметінде 18 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Ол Күршімдегі, Алтай ауданындағы орман өрттерін сөндіруге қатысқан, оның ең ірісі 2023 жылы Абай облысындағы табиғи өрт. Айдар өте бақытты, жұбайы Аяулым екеуі баршаға көпбалалы отбасы бақытын сезінуді тілейді.