Ұлан ауданында өрт сөндіушілер көп пәтерлі тұрғын үйдің кіре берісінде болған жануды сөндірді

Ұлан ауданында өрт сөндіушілер көп пәтерлі тұрғын үйдің кіре берісінде болған жануды сөндірді

Ұлан ауданы Қ.Қайсенов кенті Абай көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің кіре беріс ішінде өрт болды.  Нәтижесінде 3  пәтердің сыртқы есігін от шарпып, бүлінген.  Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімі өртті 12 ш.м. аумақта дереу сөндірді. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында үш тұрғынға өз пәтерлерінен шығуға көмектесті, оның екеуі бала.

Өрттің шығу себебі бойынша алдын ала болжам - халықтың отты дұрыс пайдаланбауы.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Отпен абай болыңыз
- Көп қабатты тұрғын үйлердің баспалдақ алаңында темекі тартпау.
- көп қабатты тұрғын үйлердің кіре берістерін жанатын заттармен толтырмау
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 хабарлау керек.