
Глубокое ауданының Белоусовка кентінде 2024 жылдың 22 ақпанында шамамен 21 сағат 45 минутта 1960 жылы салынған барақ типтес бір қабатты 6 пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт болды. Өрт сөндірушілер келген кезде пәтерлердің бірінде от лаулап өртегіп жатты. Ас үй мен кіреберісте ағаш қабырға құрылымдары, еден, жиһаз, тұрмыстық техниканың жанғыш бөлшектері және жеке заттар өртеніп кетті. № 24 ӨСБ өрт сөндірушілерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 20 шаршы метр ауданда болған өрт сөндірілді және 5 пәтер өрттен құтқарылды.
Өрттің себебі - пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
ШҚО ТЖД кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы естеріңізге салады:
Құтқарушылар тұрғындардан қыс мезгілінде пештерді жағу ережелері бойынша ұсыныстарға назар аударуды сұрайды:
- Пешті күніне бір реттен гөрі күніне бірнеше рет қыздырған дұрыс
- Пештің есігінің алдында міндетті түрде от металл табақ болуы тиіс
- Пешті бензинмен, керосинмен немесе басқа жанғыш сұйықтықтармен тамызбаңыз. Оларды пайдалану будың жарқылын және жалынның шығуын тудыруы мүмкін.
- Күлді, қожды, көмірді жанатын құрылыстардан 15 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген жерге шығару керек.
- Пеш жағуды ұйықтар алдында кемінде 2 сағат бұрын тоқтату керек.
-Ешбір жағдайда ашық есіктері бар пештерді жағуға, оларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ жанып жатқан пештерді балалардың қадағалауына қалдыруға, пештерде отынды, киімді және басқа да жанғыш материалдар мен заттарды кептіруге және сақтауға тапсырма беруге болмайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.