Қатонқарағай ауданында қар көшкіні түсті

Қатонқарағай ауданында қар көшкіні түсті

"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 21 ақпанда Катонқарағай ауданында шамамен 8 сағат 40 минут, "Өскемен-Рахман қайнары" республикалық маңызы бар автожолында 436 шақырым жерде қардың көп түсуіне байланысты жалпы көлемі 7600 текше м қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды. Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Жол қызметтері тазалау жұмыстарын жүргізуде.