Марқакөл ауданының Ақбұлақ ауылындағы екі науқас баланы қар алып қалған жолмен тасымалдау үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды. Жол таңдамайтын "ТРЭКОЛ" автокөлігімен ТЖ қызметкерлері пациенттерді Ақбұлақ ауылынан алып Егіндібұлақ ауылының маңында күтіп тұрған жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Дәрігерлер ашық жолмен Күршім ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.