
Тарбағатай ауданында "Цузуки" автокөлігі сынып қалуы себепті екі адам "Тұғыл – Ақжар" тас жолының учаскесінде қалып, құтқарушылардан көмек сұрады.
Оқиға орнына ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері келіп, оларды арнайы техникамен Тұғыл ауылына жедел жеткізді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында жетуі қиын жерге бармаңыз.
Қала сыртына бара отырып, жолдардың жай-күйі туралы "Дармен"мобильді қосымшасынан білуге болады.
Төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.