Азаматтық қорғау қызметтері шартты жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады

Азаматтық қорғау қызметтері шартты жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады

Облыстың азаматтық қорғауды басқару органдарын дайындау мақсатында ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында "жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі басқару органдарының іс-қимылдары"тақырыбында командалық-штабтық ойын өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы-сейсмикалық қауіпті өңір, мұнда 9 балға дейін жер сілкінісі болуы мүмкін. Осыған байланысты, төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарымен, азаматтық қорғау қызметтерімен, шаруашылық жүргізу объектілерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жер сілкінісі болған жағдайда облыстың қалалары мен аудандарының күштері мен құралдарын іске қосу мәселелері пысықталды.
Ойын барысында авариялық-құтқару қызметтерін кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайындау, оларды қажетті техникамен және мүлікпен жабдықтау жоспарлары нақтыланды.
Іс жүзінде азаматтық қорғауды басқару органдары облыс аудандарының ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасқан жағдайға бағалау жүргізді, жер сілкінісі салдарының ауқымын анықтады.
"Басты мақсат - төтенше жағдай кезінде шұғыл шараларға дайындық. Бұл ретте тиісті органдармен іс - қимылдарды үйлестіру маңызды, өйткені азаматтардың қауіпсіздігі мен әл - ауқатын қамтамасыз ету барлығы үшін ортақ міндет", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.