
Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жедел жәрдем дәрігерлеріне көмекке келді. Әйел адамға шұғыл көмек қажет болды, ал ауданда соққан ақ түтек бораннан жолға шығу қауіпті болды. Тарбағатай ауданының ТЖБ құтқарушылары мен полиция экипажы жедел жәрдем көлігімен қоса ілесіп жүріп әйел адамның Тұғылдан 60 шақырымдағы Ақжар ауылындағы медициналық мекемесіне қауіпсіз жетуін қамтамасыз етті.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз