Құтқарушылар азаматтық қорғау қызметіндегі жаңа технологиялар туралы айтып берді

Құтқарушылар азаматтық қорғау қызметіндегі жаңа технологиялар туралы айтып берді

ШҚО ТЖД қызметкерлері 2024 жылдың бірінші айында облыс аумағында 74 төтенше жағдайды тіркеп, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға 322 шығу жүзеге асырып, онда 53 адам құтқарып, 27 азамат эвакуациялады.

«ШҚО ТЖД теңгеріміңде өрттер, авариялар және басқа да оқиғалар кезінде шұғыл жағдайларда жұмыс істеу үшін «Камаз» базасында командалық-штабтық машина бар, ол төтенше жағдай кезінде байланыстың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді: спутниктік, телефон, радиобайланыс, бейнетрансляция. Аймақтың қиын климаттық жағдайында іздеу және авариялық-құтқару жұмыстарында уақыт үлкен рөл атқарады. Жоғарыда аталған жұмыстарды жедел жүргізу үшін 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы гарнизонының теңгеріміне дауыс зорайтқыш, прожектор, тепловизормен жабдықталған заманауи пилотсыз ұшу аппараттары алынды. Олар құтқару операцияларын жүргізудің тиімділігін, жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Дрондарды пайдалану – бұл аумақты айналып өту және бақылау ғана емес, олар жоғалған немесе зардап шеккен адамды немесе оның іздерін анықтай алады. Адамның көзі әрдайым көре бермейтін нәрсені аппарат «көреді». «Бағдарлама ақпараттық емес суреттерді сұрыптайды және адамдар болуы мүмкін жерлерге шоғырлануға мүмкіндік береді» - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.