Абай болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

Абай болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

«Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының ақпараты бойынша қолайсыз метеожағдайларға  байланысты 16-19 ақпан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады.  Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез шығыңыз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса –ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз.