Шығыс Қазақстанның жолдарда құтқару жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстанның жолдарда құтқару жұмыстары жалғасуда

«Өскемен-Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық тас жолында бұрқасын мен қар құрсауына бірнеше автокөлік тап болды. Өскемен қаласынан келген саяхатшыларға көмек көрсету үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жол талғамайтын көлікпен жетіп, 10 адамды, оның ішінде 4 әйел Моңғолия азаматтарын Шемонаиха қаласына жеткізді.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірде дауылды ескерту жалғасып жатқанын еске салады. Құтқарушылар ұзақ сапарға шықпауға кеңес береді.Өз өміріңізді қатерге тікпеңіздер.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.