Қауіп алдын алынды

Қауіп алдын алынды

15 ақпанда Зайсан ауданының Жаңа тұрмыс ауылында сыртқы ауа температурасының жоғарылауы және таулы жерлерде қардың еруі нәтижесінде жеке тұрғын үйдің 1 аула аумағына еріген су кірді. Жергілікті атқарушы органдарды және ТЖД қызметкерлерінің күшімен арықты тазарту жолымен суды бұру бойынша алдын алу жұмыстары жедел ұйымдастырылды. ШҚО ТЖД және жергілікті ауылдық округінінен барлығы 12 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Үйлерге қауіп-қатер жойылды.