
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғаныстаннан шығарудың 35 жылдығына орай 2024 жылдың 15 ақпанда КжТЖБ қызметкерлері Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен О.Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханаға баруды ұйымдастырды.
Аталған іс-шараны өткіру барысында «Жат жерде от кешкендер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кітапхана қызметкерлері Ауған соғысы туралы деректі фильм дайындап ұсынды.
Әрі қарай жеке құраммен кітапхана бойынша экскурсия өткізілді. Аталған кітапханада орталық кітапхана қызметкерлерінен «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері түрлі сұрақтарға жауап алды.