
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуынан 35 жылдығы аясында ШҚО ТЖД-да соғысқа қатысқандарға құрмет көрсетілді.
Департамент бастығы Ерғали Бахаев Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» медалін Шығыс Қазақстан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы ҚБ атынан Амангелді Курымбаевқа және ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері Тимур Чанышевқа ұсынды.
«Бұл іс-шаралар ШҚО ТЖД-да тарихи жадыны сақтау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Біздің қатарымызда жас жауынгерлер үшін нағыз үлгі болып табылатын осындай қызметкерлер, зейнеткерлер бар екенін мақтан тұтамыз»-, деп атап өтті Ерғали Бақаев.
Амангелді Қүрымбаев өзінің естеліктерімен бөлісіп, жас жігіттің соғысқа кеткенін, бірден Кабулға кіргенін айтты 2 жыл бойы құрылыс материалдарын, оқ-дәрілерді, азық-түлікті тасымалдап, нарядтарға барып, жол тосқауылдарында кезекшілік ету өте қорқынышты болды. Соғыстың ауыр жылдарына қарамастан, ол жерде әртүрлі елдерден көптеген жолдастар тапты. Үйге оралғаннан кейін Өскемен қаласының № 7 өрт сөндіру бөліміне келді. Алдымен жауынгерлік, содан кейін жүргізуші болып зейнеткерлікке шыққанға дейін осында қызмет етті, ірі нысандарды сөндіруге , ЖЭО-да өртті жоюға қатысты, өңірдің орман өртіне қарсы күреске жиі барды.
Құтқарушы Тимур Чанышев әлі де қызмет етуде және төтенше жағдайлар жүйесіндегі азаматтардың қауіпсіздігі үшін 1996 жылдан бері еңбек етіп, келеді. Ол Гардез қаласында 2 жыл қатардағы жауынгер ретінде жеке шабуыл десанттық бригадасында қызмет етті.
Іс-шара ШҚО ТЖД Ардагерлер кеңесінің қатысуымен Шығыс Қазақстаннның облыс орталығында орнаалсқан интернационалды жауынгерлерді еске алу монументіне гүл шоқтарын қойды.