Шығыс Қазақстанның автокөлік жолдарында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр."Өскемен-Алматы" жолында қар құрсауында 3 автокөлік қалып қалды.Көмекке ШҚО ТЖД Шұғыл -Құтқару-жасағы келіп, "Камаз-Вахта" автокөлігімен 13 жолаушыны,соның ішінде 2қарт адам,1 аяғы ауыр әйел және 1 баланы Өскемен қаласына жеткізді.Ауа райының қолайсыз болуына байланысты ШҚО ТЖД -де жедел штаб құрылды,азаматтарға 87232-55-38-19 телефон нөмері бойынша қызмет көрсетеді.ШҚО ТЖД азаматтардан құтқарушылардың ұсыныстарын орындауларыңызды сұрайды.Дауыл туралы хабарланған жағдайда, өміріңізді тәуекелге салмай тұрғылықты елді-мекендеріңізден алыстамау қажет.Ауа райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан біле аласыз.Төтенше жағдайлар туындағанда 112 нөмеріне хабар беріңіздер.