
"Өскемен-Тарғын-Самар" автокөлік жолында Жоғары Тайынты ауылының маңында ауа райының қолайсыз болуы салдарынан жолда қалып қалған 15 жеңіл автокөлік пен 30 адамның,соның ішінде 4 баланы Тарғын ауылына дейін жолды қауіпсіз жүру үшін көмек көрсетті. Ары қарай автокөліктер өздері қозғалыстарын жалғастырды.Жолды тазалауға "ОблШығысЖол" ұйымынан тазалағыш техника жұмылдырылды.Қазіргі уақытта облыс бойынша 5 республикалық және 7 облыстық маңызы бар жолдар жабық.Ауа райының қолайсыз болуына байланысты ШҚО ТЖД-де жедел штаб құрылды, азаматтарға 87232-55-38-19 телефон нөмері бойынша қызмет көрсетеді.ШҚО ТЖД облыс тұрғындарынан бастарын қауіп-қатерлерге тікпей ,дауылды ескерту жарияланғаннан кейін, тұрғылықты елді-мекендеріңізден алыс шықпауларыңызды сұрайды.Ауа райы туралы Сіз "Дармен" мобильді қосымшасынан біле аласыз.Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмері бойынша хабар беріңіздер.