Қате әрекеттер өртке әкелді

Қате әрекеттер өртке әкелді

Шемонаиха ауданындағы Рулиха ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде моншаның ағаш құрылымдары жанып жатқан. №28 ӨСБ өрт сөндірушілері 28 шаршы метр аумақта өртті сөндірді. Өрт салдарынан 1976 жылы туылған үй иесінің  туысы термиялық күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі- пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, атап айтқанда, монша пешін бензинді пайдаланып тұтатуы.
Барлығы 5 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Ашық отпен абай болыңыз.
Пештерді пайдалану кезінде сақ болыңыз.
Пешті жағу кезінде күлді, қожды, көмірді жанып жатқан ғимараттардан 15 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген орынға шығару керек.
Пештерді жанғыш сұйықтықтармен тұтандыруға болмайды.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз.