Жедел көмек

Жедел көмек

Күршім ауданындағы Бурабай ауылында, Ұлан көшесі бойында, сыртқы ауаның оң температурасы мен қардың еруіне байланысты, жалғызбасты қарт әйел тұратын жеке тұрғын үйдің 1 аула аумағын су басты. Оған суды бұруға, жергілікті атқарушы органдардың техникасы мен ТЖ қызметі қызметкерлерінің қатысуымен жедел көмек көрсетілді.
Су бұрылды, үйге және жақын аумаққа қауіп жоқ.